Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Ораза айт мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды Bestnews.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Ардақты ағайын!
Баршаңызды Ораза айт мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Рухани тазару мен жаңаруға жол ашатын осы қасиетті мейрам күллі мұсылман қауымы үшін айрықша маңызды.
Рамазан айына жалғасқан бұл жарқын мереке қастерлі дініміздегі мейірім мен шапағат, жанашырлық пен қамқорлық сияқты асыл құндылықтарды дәріптейді.
Ораза айт әр адамның жүрегіне иман нұрын сеуіп, ізгілікке үндейді, жұртты жақсылыққа жетелеп, қоғамды игі істерге жұмылдырады. Сол арқылы халқымыздың береке-бірлігін нығайтып, ырыс-ынтымағын арттырады.
Баршамыз айттан айтқа аман-есен жете берейік! Сіздерге зор денсаулық, бақ-береке тілеймін! Әр шаңырақ шуаққа бөленіп, қуанышқа кенелсін!
Ораза айт құтты болсын!»
Фото: akorda.kz
Читайте новости по меткам:
горячие новости 296 Барыс 246 Город Астана 187 новости министерств 185 Asian Games 2023 181 Алматы 152 Президент Казахстана 146 Куандык Бишимбаев 108 паводки 103 пожары 101 происшествия 86 дети 83 погода 67 бокс 64 футбол 60 хоккей 59 праздники 56 школы 49 доллар 45 налоги 44 МВД 43 соседи Казахстана 43 МЧС 43 дороги 43 Россия 40 авиация 40 Китай 38 Олимпиада-2024 38 нефть 36 акимы 36