Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ораза айт мерекесімен құттықтадi
«Қадірлі отандастар!
Баршаңызды Ораза айт мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Бұл – күллі мұсылман қауымының ұлық мейрамы. Ораза ұстаған жамағат осы мерекені асыға күтеді. Алыс-жақын ағайын бір-бірінің үйіне барып, жылы лебізін білдіреді. Халқымыздың ынтымағы нығайып, бірлігі беки түседі.
Ислам – имандылықты, бейбітшілікті, мейірімділікті дәріптейтін асыл дін. Осы игі құндылықтар елдің амандығы мен берекесін тілейтін ұлтымыздың салт-дәстүрімен біте қайнасып жатыр. Сондықтан бұл – бір шаңырақта тату-тәтті өмір сүріп жатқан барша жұртымыз үшін қадірлі ұғымдар.
Ораза айт – елдігімізді еселейтін мереке. Біз мемлекетіміздің жарқын болашағы үшін қоғамдағы бірлік пен келісімді одан әрі нығайта береміз.
Еліміздің әр шаңырағы бақыт пен қуанышқа бөленсін! Халқымыздың ырысы мен ынтымағы арта берсін!
Айт қабыл болсын, ағайын!»
Читайте новости по меткам:
горячие новости 295 Барыс 246 Город Астана 186 новости министерств 184 Asian Games 2023 181 Алматы 149 Президент Казахстана 143 Куандык Бишимбаев 107 паводки 103 пожары 101 происшествия 85 дети 83 погода 66 бокс 65 хоккей 63 футбол 60 праздники 56 школы 50 доллар 45 налоги 43 соседи Казахстана 43 МЧС 43 дороги 43 МВД 42 Китай 41 авиация 40 Россия 39 нефть 36 Интернет 35 акимы 35