ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл Агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті және «Ақтөбе – адалдық алаңы» жобалық кеңсесі Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай ақынның танымдық кешін өткізді, деп хабарлайды Bestnews.kz.
Шараға Департамент басшысы Мирлан Мұхамбетов, департамент басшысының бірінші орынбасары Ғалымбек Досанов, Департамент жанынан құралған ақпараттық – ағартушылық штаб мүшесі, танымал әнші Светлана Айтбаева, Т.Ахтанов атындағы қазақ драма театрының директоры Олжас Ибраев және қаламыздың ЖОО және колледж студенттері қатысты.
Танымдық кештің басты мақсаты - Ұлы ақынның өнегелі өмірімен таныстырып, өлеңдері, әндері арқылы адамгершілік қасиеттерге тәрбиелеу, жастарды Абай шығармаларын талдай отырып имандылыққа, асыл қасиеттерге баулу және туған жердің тарихы мен тілінің қадір-қасиетін ұғындыру, өскелең ұрпақ пен аға буын арасында сауатты ұрпақтар сабақтастығын қалыптастыру.
Шара барысында департамент басшысы Мирлан Мұхамбетов Абайдың қара сөздерін оқып, қатысушылармен талқыға салып, Абайдың ұлы тұлға екендігін тағы да бір мәрте айта кетті. Ал Ақтөбе көлік коммуникация және жаңа технология колледжінің жас ақындары Ідірісов Мақсат және Тілепбергенова Гүлім Абайға арнап жазған өлендерін тарту етті.
Сонымен қатар кештің құрметті қонағы жерлесіміз, біртуар әнші Димаш Құдайбергеновтың анасы Светлана Айтбаева Абайдың өлеңдерімен байланысты жастық шағындағы қызықты кездерімен бөлісіп, ғұлама ақынның «Желсіз түнде жарық-ай» әнін қатысушылармен бірге шырқады.
Кеш соңында Департамент басшысы барша қатысушыларды «1-наурыз Алғыс айту» күнімен құттықтап, нәзік жанды аруларға гүл шоқтарын сыйлады.
Читайте новости по меткам:
горячие новости 294 Барыс 246 Город Астана 186 новости министерств 184 Asian Games 2023 181 Алматы 149 Президент Казахстана 143 Куандык Бишимбаев 103 паводки 102 пожары 101 происшествия 85 дети 82 бокс 70 хоккей 68 погода 66 футбол 60 праздники 56 школы 50 доллар 45 налоги 43 соседи Казахстана 43 МЧС 43 дороги 43 МВД 42 Китай 41 авиация 40 Россия 39 нефть 36 Интернет 35 акимы 35